Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
Жатақханаға орналасуға өтінім беру
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Петровская ОМ кәсіби бағдар беру жұмысы

2021 ж.  21 қазан күні Агротехнологиялық факультеті, "Агрономия және орман шаруашылығы"  кафедрасының оқытушылары Байсеит Г. А. және Шаканова Ш. Ш. Есіл ауданы, "Петровка орта мектебі" КММ бітіруші сыныбымен кәсіби бағдар беру кездесуін өткізді.Кездесуде оқытушылар біздің университет, факультет, ЖОО-ға түсу тәртібі туралы айтып, оқыту мәселелерін қозғады. Сонымен қатар факультетіміздің жетістіктері, академиялық ұтқырлық шарттары, қосдипломды (параллельді) білім беру, өндірістік тәжірибеден өту орындары туралы айтып берді.Мектеп оқушылары өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, факультеттің білім беру бағдарламалары туралы білді.

01.11.2021