Сөздәйектер галереясы
Білген адам білімді өмір бойы іздейді.
Ахмет Югнаки
Жас ғалымдар кеңесі 1-4 курс бакалавриат студенттері арасында «Менің ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу қызметім» бейнероликтер байқауын өткізеді
Құрметті студенттер! М. Қозыбаев атындағы СҚУ КеАҚ Жас ғалымдар кеңесі "Менің ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу қызметім" бейнероликтер конкурсын өткізеді. Байқаудың мақсаты - 1-4 курс білім алушыларына ғылыми-зерттеу жұмысының/ғылыми жобаның алдын ала немесе соңғы қорытындылары туралы бейне форматта айту мүмкіндігін беру.
Бейнероликтер қазақ/орыс/ағылшын тілдерінде 2021 жылдың 1 желтоқсанына дейін smu@nku.edu.kz электрондық мекенжайға қабылданады. Жеңімпаздарды марапаттау - 2021 жылдың 10 желтоқсанынан кешіктірілмейді. Конкурс қорытындысы бойынша бірінші орын - 50000 теңге, екінші орын - 30000 теңге, үшінші орын - 20000 теңге ақшалай сыйлықпен марапатталады.
05.11.2021