"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Ғылымды үйренем деген адамның ақыл-ойы айқын, ерік-жігері, тілек-мақсаты ақиқат пен әділдік үшін талап жолында болуы шарт. Жай ләззат іздеу, кәсіп-құмарлыққа ұқсас әрекет онда болмасқа керек.

Әл-Фараби

«Тіл халықтың жаны» эссе байқауы

        2021 жылдың 22-23 қыркүйегінде Тіл және әдебиет институтының  «Практикалық қазақ тілі кафедрасы» Тілдер күніне арналған «Тіл халықтық жаны» тақырыбында эссе байқауын өткізді. Байқаудың мақсаты мен міндеттері: жастардың бойына мақтаныш сезімін, тілге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу; жастардың тіл мәдениетін арттыру; жастардың шығармашылық әлеуетін дамыту. Байқауға педагогикалық факультетінің 1 курс студенттері қатысты. Жұмыстарды бағалау кезінде осы критерийлер ескерілді: тақырыптың толық ашылуы, өзіндік ерекшелігі, ойдың мәнерлілігі, студенттердің  көркемдік шеберлігі  мен сауаттылығы. Байқау қорытындысы бойынша студенттер жеңімпаз атанды: 1 орын – Никита Изотов, ФКНВП-21 тобы, 2 орын - Валиева Алина ҚДР-21 тобы, 3 орын - Екатерина Сазонова ППС-21 тобы, басқа қатысушылар – сертификаттар     

Кафедра пқт
25.11.2021