Сөздәйектер галереясы
Әркімге қажетті білім бар, Сол білімді меңгермейінше, барлық басқа білім адамға нұқсан келтіреді
«Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығындағы ресурс үнемдейтін технологиялар»
Агротехнологиялық факультеттің студенттері мен оқытушылары, СҚО АӨК өкілдері «Fiterra» компаниялар тобының (Беларусь Республикасы) конференциясына қатысты.«Fiterra» компаниялар тобы - бұл ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы және қоршаған ортаның экологиялық тұрақтылығы мәселелерін шешу жөніндегі қазіргі заманғы ғылыми-өндірістік бірлестік.«Fiterra» КТ негізін қалаушы, директоры М.А. Букреев және R&D орталығының директоры Д. В. Войтка тыңдаушыларды ауыл шаруашылығындағы ресурс үнемдейтін технологиялармен таныстырып, микробиологиялық препараттарды қолдану тәжірибесімен бөлісті.Баяндамалар конференцияға қатысушылардың қызығушылығын тудырды, көптеген сұрақтар мен пікірталастар болды.Мұндай конференцияларды өткізу студенттерге ауыл шаруашылығы дақылдарын биологиялық қорғау саласында кәсіби дағдыларды игеруге мүмкіндік береді.