Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін талқылады

Бүгін ЖОО-ға Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Өкілдігінің делегациясы келді. Қозыбаев университетінің басшылығымен кездесу өткізілді. Басқарма Төрағасы- Ректор Ерлан Шұланов біздің университетіміз және Аризона университетімен коллаборация идеяларының жүзеге асырылуы туралы айтып берді.

Сондай-ақ, ҚР-дағы ЕО Өкілдігінің ынтымақтастық жөніндегі басшысы Йоханнес Стенбек Мадсен «Еуропалық Одақ және Орталық Азия: ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында ағылшын тілінде ашық дәріс өткізді. ЕО-ның біздің елдегі қызметі, әріптестік стратегиясы және Еуроодақ жетекшілік ететін түрлі бағдарламаларға қатысу бойынша оқытушылар мен білім алушылар жаңа  мүмкіндіктер туралы білді. Оқу ордамызда Erasmus+ бағдарламасы бойынша осындай 4 жоба іске асырылуда.

20.04.2022