Бүгінде косплей жасау үлкен танымалдылыққа ие. Қозыбаев университетінің студенттері де трендттен қалыс қалмай алғаш рет косплей байқауына қатысты. Аталған конкурсқа қаламыздың үлкен-кіші тұрғындары ерекше қызығушылықпен қатысты. Әртүрлі мамандықта оқитын студенттер мен мектеп оқушылары өздерінің сүйікті кейіпкерлерін қайталауға тырысты. Барлығы 30-ға жуық косплей таңдалды.
Заманауи мәдениетті насихаттаушылар келушілердің назарына сахналық қойылымдарын ұсынды. Қатысушылар түрлі киіммен жасанып, дене бітімі, мінез-құлқы, қозғалыс, бет әлпетінің ерекшелігін беру арқылы әдебиет, кинематография, комикстер, компьютерлік ойындар және тағы да басқа кейіпкерлерінің бейнесіне енді.
Нәтижесінде «Айдол Пак Чимин» кейіпкерін сомдаған 2 курс студенті Дания Абилева «Үздік би» номинациясы мен сұлулық салонына сертификат жеңіп алды. Гран-при иегері Мила Ситник 16 мектептің оқушысы «Карточная королева» бейнесін сомдап үлкен кәуапқа сертификат және «Jas Otan» виртуалды шындық көзілдірігі бар жинағын ұтты.
Анна Пильченко 2 курс студенті топ жарып, 1 дәрежелі диплом мен «Жас Отан» виртуалды шындық көзілдірігі бар жинағына ие болды. Ол «Милый во Франксе» кейіпкерін сомдады. 2 орынға жайғасқан Виктория Кудимова мен Алина Стеценко «Геншин импакт на Люмин и Кэ Цин» ойынынан алынған кейіпкерлерді сомдап «Jas Otan» атынан жинақ пен бассейнге абонементтерді иеленді. Ал 3 орын үшін Полина Савельева мен Лена Жартовская 3 курс білім алушылары «Кушины из Наруто и Гермионы» образдарын сомдап фотосессияға сертификат, «Jas Otan» атынан жинақ пен АКС сертификаты.
Барлық мектеп оқушыларына КU жейделері беріліп, қалған қатысушылар үшін кинотеатрына, полтергеист пен тәттілер дүкеніне билеттер табысталды.