"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

...адам баласы ұшқыр ой, көп ақыл, өткір сезім қайратының арқасында ғылым, білім, өнер тауып, өзгеден үстем дүние жүзінің қожасы болып отыр.

Жүсіпбек Аймауытов

Құттықтаймыз!

28-29 сәуірде Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде (Алматы қ.) Қазақстан Республикасы ЖОО студенттері арасында XIV Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті.

 

Біздің университеттің және факультеттің намысын 2 команда ұсынды: «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» және  «Агрономия» ББ студенттері.

 

Олимпиаданың нәтижелері бойынша Приёмышев Василий (Агрономия ББ) және Сагитова Айман (Орман ресурстары және орман шаруашылығы)   2-орынға ие болды. Мусин Абай және Басанов Рустам жақсы көрсеткіштері үшін алғыс хатпен марапатталды! Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

 

Осы олимпиадаға қатысу тәжірибесі сізге көп нәрсе үйреткеніне сенімдіміз. Ешқашан  тоқтамаңыздар-үйреніңіздер, жаңа нәрсені үйреніңіздер, дамыңыздар. Сіздерге сәттілік, шабыт, шығармашылық тілейміз және күн сайын позитивті болыңыздар!

30.04.2022