Қозыбаев университетінде Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА) комиссиясының 20 сарапшысы өз жұмысын бастады. Олардың қатарында шетелдік сарапшылар, жұмыс берушілер, студенттер мен Қазақстанның академиялық қоғамдастығының өкілдері бар. Сегіз өкіл агенттік үйлестірушісімен бірге офлайн аккредитациядан өту үшін университетке келді. Қалған сарапшылар барлық кездесулерге Zoom арқылы қатысады.
Комиссия университетіміздің 14 білім беру бағдарламасын бағалайды. Олардың кейбіреулері бірінші рет 2017 жылы өткендіктен, қайта аккредитациядан өтуде. Ал басқалары үшін бұл алғаш рет болмақ. Әріптестеріміз бен комиссия жұмысына сәттілік тілейміз!