ҚР ҒЖБ министрлігінің ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыруға арналған конкурсында кезекті жеңіс! Қозыбаев университеті атынан 2022-2024 жылдарға мына жобалар бекітілді:
1. Темір жол құрамының доңғалақ жұптарын лазерлік қалпына келтірудің ресурс үнемдейтін технологиясы бар жаңа жоғары өнімді мобильді темір жол кешенін әзірлеу және енгізу. (Жетекшісі: Савинкин В.В., техника ғылымдарының кандидаты., доцент); Грант сомасы 75 461 263 теңге
2. Сұйық минералды тыңайтқыштарды сақтауға арналған пластикалық ыдыстарды ротациялық қалыптаудың технологиялық параметрлерін бақылау және басқару әдістерін жетілдіру. (Жетекшісі: Тюканько В.Ю., PhD докторы); Грант сомасы 78 000 000 теңге
3. Көлдердің органикалық-минералды жинақтарын ұтымды пайдалану негізінде экологиялық таза тыңайтқыш алудың инновациялық әдісінің жұмысы. (Жетекшісі: Дмитриев П.С., биология ғылымдарының кандидаты). Грант сомасы 63 893 468 теңге
4. XX ғасыр басындағы Солтүстік Қазақстан: Алаш зиялыларының қоғамдық-саяси қызметі және рухани мұрасы (Жетекшісі: Ибраева А.Г., тарих ғылымдарының докторы, профессор). Грант сомасы 58 701092 теңгені құрайды
Сондай-ақ, ҚР ҒЖБ министрлігі өткізетін 2022-2024 жылдарға арналған «Жас Ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру конкурсы шеңберінде келесі жобалар мақұлданды:
1. Түрлендірудің тиімділігін арттыру және көп деңгейлі қуат инверторының қуатын арттыру әдістерін жасау. (Жетекшісі: Молдахметов С. С., PhD докторы);
2. Дәнді дақылдар тұқымдарының беттік толқын өткізгіштің қасиеттері негізінде микротолқынды сәулелену арқылы кептіру тиімділігін арттыру. (Жетекшісі: Риттер Е.С., PhD докторы);
3. Оқытудың нәтижелерін бағалаудың зияткерлік жүйесінде адаптивті технологияларды қолдануды зерттеу. (Жетекшісі: Казанбаева А.С., PhD докторы);
4.Қазақ тіліндегі латын графикалы мәтіндерді зияткерлік өңдеу әдістері мен алгоритмдерін зерттеу және әзірлеу. (Жетекшісі: Икласова К.Е., PhD докторы).
Әріптестерімізді құттықтаймыз және оларға ғылыми-зерттеу жобаларын жоғары деңгейде жүзеге асыруда табыс тілейміз!!!