"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Нағыз білім, дененің шынайы мәдениеті сияқты, үйлесімділік пен оған деген ұмтылыс, бұл қол жеткізілген мақсатты сезіну және сонымен бірге алға жылжу ниеті

Герман Гессе

Түркиядан келген профессордың дәрісі

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің шетелдік ғалымдарды еліміздің жоғары оқу орындарына тарту бағдарламасы аясында білім факультетінде қараша айы Түркиядан келген профессордың қонақ дәрісімен ашылды.

Доктор Юсуф Озкул – профессор, GenKok зерттеу орталығының директоры, Кайсери қаласындағы Эржиес университетінің генетика бөлімінің меңгерушісі. GenKok R&D орталығы бір-бірімен ынтымақтаса жұмыс істейтін, 300 ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын бірнеше бөлімдерден тұрады.

Профессор Өзкүл Арнайы және әлеуметтік педагогика кафедрасының дефектолог студенттерімен және профессорлық-оқытушылар құрамымен кездесіп, өз университетімен таныстырып, аутизмнің пайда болу себептерінде маңызды рөл атқаратын генетикалық факторлар туралы әңгімеледі.

 

Көптеген зерттеулерге қарамастан, өкінішке орай, аутизм бүгінде жұмбақ күйінде қалып отыр.

01.11.2022