Сөздәйектер галереясы
Әркімнің туған тілі – туған шеше, Оған бала міндетті сан мың есе.
С.Мұқанов
Спортшыларымыздың алар асулары алда
Студенттеріміз арасында волейболдан турнир аяқталды. Жарысты «Сұңқар» спорт клубы ҚР Тәуелсіздік күніне орайластырылған Студенттік спорт лигасы аясында өткізді. 7 факультеттен құрамалар екі топшаға бөлініп, сайысқа түсті. Ойындар бір апта бойы жалғасып, үздіктер финалда күресті.
Тартысты жарыста ПФ құрамасы 1 орынды жеңіп алса, 2 орын АФ командасына бұйырды. Ал 3 орынды ТЭҚФ спортшылары иеленді. Жеңістеріңізбен құттықтаймыз!
19.12.2022
