Қызметкерлер мен ПОҚ арасында «Сергектік және денсаулық» спартакиадасы өз мәресіне жетті. Екі аптаға созылған спорттың 8 түрінен 9 команда күш сынасты. Құрамалар шағын футбол, волейбол, шахмат, үстел теннисі , арқан тартыс дартс,суда жүзу, тоғызқұмалақ сайыстарынан сынға түсті.
Спартакиаданың алғашқы күні қызу басталды. Қарсыластарының мықтылығына қарамастан ТЭжҚФ ойыншылары жоғарғы деңгейде өнерлерін көрсетіп тоғызқұмалақтан 1-орынға табан тіреді.Зияткерлік ойында да дес бермеген шахмат майталмандары ТжӘИ 1-орынға лайық деп танылды.
Жарыстың келесі кезеңін шымыр шыныққан ПФ құрамасы сәтті жалғастырды. Нәтижесінде волейбол, дартс, арқан тартыс және жүзуден топ жарды. Шағын футболдан, үстел теннисінен АФ қалыс қалмай 1-орынға жайғасты.
Командалар шеберліктерін көрсетіп, бір-біріне беріспеді. Қатысушылар өз командалары үшін аянып қалған жоқ. Осылайша, жалпы командалық есепте алға басып озған ПФ 1-орынды, қарсыластарынан жинаған ұпай саны басым болып 2-орынды АФ иеленсе, 3-орын тұғырына ИСТФ көтерілді.
Жарысқа қатысушылар, жеңімпаздар диплом және медальдармен марапатталды.