"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.

Ахмет Байтұрсынов

8 наурыз махаббат пен жылулықтың мерекесі

Жер-дүние жаңарып,  қыстың ызғарлы күндерінен кейін көңілімізді көктемнің алғашқы мерекесі жылындырады. Ардақты әйелдер қауымын 8 наурызбен биыл университеттің  ер азаматтары ерекше би өнерлерімен, концерттік бағдарламамен  құттықтап, ықылас гүлдерін ұсынды.

Жігіттер қауымының шығармашылық тосынсыйлары көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, бейжай қалдырмады. Басқарма Төрағасы- Ректор Ерлан Шұланов  мерекемен құттықтап, университеттің әр түрлі бағыттарында күн сайын адал ниетпен, табысты қызмет атқарып жүрген арулардың игі істерін айрықша атап өтті. Барша нәзікжандыларға  бақыт, шаттық, мызғымас денсаулық, болашаққа зор сенім, көтеріңкі көңіл-күй тілейміз. Жылдан-жылға  көктемдей құлпырыңыздар!

09.03.2023