"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Балаң ақылды әрі есті болсын десең, дені сау, мықты етіп өсір. Ол жұмыс істесін, әрекеттенсін, жүгірсін, айқайласын десең, тынымсыз қимыл үстінде болсын.

Ж-Ж.Руссо

"Қош келдің, Наурыз!" апталығы

Наурыз мейрамының қарсаңында педагогикалық факультетте "Қош келдің, Наурыз!" апталығы ұйымдастрылды. Ұлыстың Ұлы күнін тойлау аясында кафедралар оқытушылары мен студенттері, қызмерткерлер "Ұлттық киім" челленджін,  "Ұлттық киім" дефилесін, қанат тарту бойынша спорттық жарыс, жатақханада  "Бауырсақ шоу" фестивалін, қайырымдылық жәрмеңке ұйымдастырды. Аптаның соңында "Этноауыл" фестивалі өткізіліп, әр кафедра өз ауылын ұсынды. Нәтижесінде номинациялар келесідей бөлінді: "Үздік жастар" - "Ақан сері" ауылы, СП кафедрасы; "Кең дастарқан"- "Абай" ауылы, АӘП кафедрасы, "Үздік дәстүр" - "Ыбырай" ауылы, ПП кафедрасы; "Ең қонақжай" - "Мағжан" ауылы, БМДББТӘ кафедрасы. 

27.03.2023