"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Балаң ақылды әрі есті болсын десең, дені сау, мықты етіп өсір. Ол жұмыс істесін, әрекеттенсін, жүгірсін, айқайласын десең, тынымсыз қимыл үстінде болсын.

Ж-Ж.Руссо

1 курс студенттерімен Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орай қазақ тілінен олимпиада

"Практикалық қазақ тілі" кафедрасының оқытушылары М. Қозыбаев атындағы СҚУ-дың 1 курс  студенттерімен Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орай қазақ тілінен олимпиада өткізді.  Бұл шараға университетіміздің барлық факультетінің  В1 және В2 тобының  деңгейінде оқитын білім алушылары қатысты. Олимпиада екі  турдан тұрды. І тур жазбаша: студенттер ұсынылған тақырыптардың біреуін таңдап, сол бойынша эссе жазды. Ал ІІ тур ауызша: қатысушылар берілген тақырып бойынша монолог құрастырды.

Олимпиаданың нәтижесі бойынша өзге ұлт өкілдерінің І орын алған білім алушылар республикалық олимпиадаға қатысады.

 

Өзге ұлт өкілдері арасында:

І-орын – Ирисматова Динор (Б(о) - 22)

ІІ-орын  –  Проценко Бейбарыс (ГиП -22)

ІІІ-орын  – Бесмельцева Надежда (ТПП-22)

         Қазақ студенттері арасында:

 І-орын – Бәшенова Әмина (ЛРЛ-22)

ІІ-орын  –  Билялова Алсу (Г(о) - 22)

ІІ-орын  –  Калантаева Диана (Экол-22)

ІІІ-орын  – Айтбаев Әбүлқайыр (ДЗ-22) 

ІІІ-орын  – Шаяхметова Сания (И(о)-22)

ІІІ-орын  – Жумабаева Анель (Экол-22)

      Олимпиаданың нәтижесі бойынша студенттер грамота және алғыс хатпен марапатталды.          

Кафедра пқт
13.04.2023