Сөздәйектер галереясы
Тек ақиқат білім ғана күдік туғызбайды, ол өмірді бағалауға, тұрмыс құруға үйретеді.
Жас ғалымдар кеңесі ғылыми Start-up жобалар байқауын өткізуді жариялайды
М. Қозыбаев атындағы СҚУ Жас ғалымдар кеңесі ғылыми Start-up жобалар конкурсын өткізеді.
Байқаудың мақсаты: «М. Қозыбаев атындағы СҚУ» КеАҚ білім алушылары қатарындағы жас зерттеушілерді ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижесіне негізделген инновациялық жобаларды іске асыру арқылы қолдау.
Байқауға қатысушылар: конкурс жеңімпаздарының конкурстан кейінгі кезеңде міндеттемелерге ие болуына байланысты, конкурсқа бакалавриаттың 1-3 курс студенттері және 1-курс магистранттары (бітіру курстары емес) жіберіледі.
Байқауды өткізу жоспары: байқау екі кезеңде: сырттай форматта (жартылай финалдық кезең) 2023 жылғы 16-19 мамырда және офлайн режимде (финалдық кезең) 2023 жылғы 23 мамырда № 1 оқу корпусының №115 аудиториясында өтеді.
Байқау кезеңдері:
- Байқауды жариялау, ілеспе құжаттаманы ақпараттық ресурстарға 24.04.2023 ж. кешіктірмей орналастыру.
- Байқауға қатысушылардан өтінімдер жинау: 24.04.2023 ж. - 15.05.2023 ж.
- Байқауға қатысушыларды іріктеу (жартылай финал, сырттай): 16.05.2023 ж. - 19.05.2023 ж.
- Байқаудың ақтық кезеңі (оффлайн формат): 23.05.2023 ж.
- Байқау жеңімпаздарын марапаттау: 26.05.2023 ж. кешіктірмей.
Байқаудың бюджеті: жеңімпаздарға 54000 (конкурстың жалпы бюджеті салықтарды ескере отырып, 270000 құрайды) теңге мөлшерінде ақшалай сыйлықтар бөлінеді.