Конкурстың атауы: «Асхана үшін ғимаратты жалға беру»
Конкурсты ұйымдастырушының атауы және орналасқан жері: «М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КеАҚ, Петропавл қ.,Пушкин к-сі 86 (ары қарау – Конкурсты ұйымдастырушы).
1. Конкурсты өткізу күні, уақыты және орны
Конкурсқа қатысуға ықтимал жалға алушылардың конкурстық өтініштері бар конверттерді ашу бойынша конкурстық комиссияның отырысы Петропавл қ., Пушкин к-сі 86, 165 кабинет мекен-жайы бойынша 2023 жылғы «28» тамыз жергілікті уақытпен «15» сағат «00» минутта өткізіледі.
2. Конкурсқа қатысуға өтініштерді қабылдау орыны мен мерзімдері
Конкурсқа қатысуға өтініштер жабық конвертте ықтимал Жалға алушылармен немесе сенімхат негізінде конкурсқа қатысуға өтінішті беру бойынша олардың мүддесін қорғайтын өкілетті тұлғаларымен Петропавл қ., Пушкин к-сі 86, 165 кабинет мекен-жайы бойынша 2023 жылғы «28» тамыз жергілікті уақытпен «15» сағат «00» минутқа дейін ұсынылады.
Ықтимал Жалға алушының өтініші хабарламада көрсетілген өтініштерді қабылдау мерзімі өткен соң қабылданбайды.
3. «М. Қозыбаев атындағы СҚУ» КеАҚ бекітілген мүліктік жалға беру мерзімі мен жалға беру ақысының мөлшері, алаңы, орналасқан жерін қоса алғанда жалға беру объектісі туралы ақпарат және қысқаша сипаттамасы
Жалға алушы қабылдау-тапсыру актісі бойынша тұрғын емес үй-жайды жалға алғанға дейін шартқа қол қойылған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде жалға берушінің шотына 3 (үш) айлық жалдау ақысының сомасы мөлшерінде Депозит (кепілдендірілген ақшалай жарна) енгізуге міндетті.
№1 лот: Асхана үшін тұрғын емес ғимарат, алаңы 78,4 шаршы метр, Петропавл қ., Жұмабаев к-сі 114, №6 оқу корпусы, 1 қабат (асхана) мекен-жайы бойынша орналасқан. Мүліктік жалға беру мерзімі: 01.09.2023 жылдан бастап 30.06.2024 жылға дейін. 01.09.2023 ж. 31.12.2023 ж. жалға беру ақысы ҚҚС-ты қоса алғанда 639 117 (алты жүз отыз тоғыз мың жүз он жеті) теңгеден кем емес және қосымша коммуналдық қызметтер (электроэнергия, жылу, ыстық/суық су шығыны). 01.01.2024 жылдан бастап Қазақстанда АЕК өзгеруіне байланысты жалдау ақысының құнына өзгерістер енгізілетін болады.
№2 лот: Асхана үшін тұрғын емес ғимарат, алаңы 71,7 шаршы метр, Петропавл қ., Пушкин к-сі 86, №1 жатақхана, 1 қабат (асхана) мекен-жайы бойынша орналасқан. Мүліктік жалға беру мерзімі: 01.09.2023 жылдан бастап 30.06.2024 жылға дейін. 01.09.2023 ж. 31.12.2023 ж. жалға беру ақысы ҚҚС-ты қоса алғанда 584 498 (бес жүз сексен төрт мың төрт жүз тоқсан сегіз) теңгеден кем емес және қосымша коммуналдық қызметтер (электроэнергия, жылу, ыстық/суық су шығыны). 01.01.2024 жылдан бастап Қазақстанда АЕК өзгеруіне байланысты жалдау ақысының құнына өзгерістер енгізілетін болады.
№3 лот: Асхана үшін тұрғын емес ғимарат, алаңы 76,16 шаршы метр, Петропавл қ., Бостандық к-сі 2, №2 жатақхана, 1 қабат (асхана) мекен-жайы бойынша орналасқан. Мүліктік жалға беру мерзімі: 01.09.2023 жылдан бастап 30.06.2024 жылға дейін. 01.09.2023 ж. 31.12.2023 ж. жалға беру ақысы ҚҚС-ты қоса алғанда 620 856 (алты жүз жиырма мың сегіз жүз елу алты) теңгеден кем емес және қосымша коммуналдық қызметтер (электроэнергия,жылу, ыстық/суық су шығыны). 01.01.2024 жылдан бастап Қазақстанда АЕК өзгеруіне байланысты жалдау ақысының құнына өзгерістер енгізілетін болады.
№4 лот: Асхана үшін тұрғын емес ғимарат, алаңы 87,2 шаршы метр, Петропавл қ., Интернационал к-сі 26, №5 оқу корпусы, 1 қабат (асхана) мекен-жайы бойынша орналасқан. Мүліктік жалға беру мерзімі: 01.09.2023 жылдан бастап 30.06.2024 жылға дейін. 01.09.2023 ж. 31.12.2023 ж. жалға беру ақысы ҚҚС-ты қоса алғанда 710 854 (жеті жүз он мың сегіз жүз елу төрт) теңгеден кем емес және қосымша коммуналдық қызметтер (электроэнергия, жылу, ыстық/суық су шығыны). 01.01.2024 жылдан бастап Қазақстанда АЕК өзгеруіне байланысты жалдау ақысының құнына өзгерістер енгізілетін болады.
№5 лот: Асхана үшін тұрғын емес ғимарат, алаңы 121,6 шаршы метр, Петропавл қ., Пушкин к-сі 87, жүзу бассейні, 1 қабат мекен-жайы бойынша орналасқан. Мүліктік жалға беру мерзімі: 01.09.2023 жылдан бастап 30.06.2024 жылға дейін. 01.09.2023 ж. 31.12.2023 ж. жалға беру ақысы ҚҚС-ты қоса алғанда 991 283 (тоғыз жүз тоқсан бір мың екі жүз сексен үш) теңгеден емес және қосымша коммуналдық қызметтер (электроэнергия, жылу, ыстық/суық су шығыны). 01.01.2024 жылдан бастап Қазақстанда АЕК өзгеруіне байланысты жалдау ақысының құнына өзгерістер енгізілетін болады.
№6 лот: Асхана үшін тұрғын емес ғимарат, алаңы 99,7 шаршы метр, Петропавл қ., Пушкин к-сі 81, №4 оқу корпусы, 1 қабат мекен-жайы бойынша орналасқан. Мүліктік жалға беру мерзімі: 01.09.2023 жылдан бастап 30.06.2024 жылға дейін. 01.09.2023 ж. 31.12.2023 ж. жалға беру ақысы ҚҚС-ты қоса алғанда 812 754 (сегіз жүз он екі мың жеті жүз елу төрт) теңгеден кем емес және қосымша коммуналдық қызметтер (электроэнергия, жылу, ыстық/суық су шығыны). 01.01.2024 жылдан бастап Қазақстанда АЕК өзгеруіне байланысты жалдау ақысының құнына өзгерістер енгізілетін болады.
№7 лот: Асхана үшін тұрғын емес ғимарат, алаңы 443,6 шаршы метр, Петропавл қ., Абай к-сі 16, тамақ зертханасы мекен-жайы бойынша орналасқан. Мүліктік жалға беру мерзімі: 01.09.2023 жылдан бастап 30.06.2024 жылға дейін. 01.09.2023 ж. 31.12.2023 ж. жалға беру ақысы ҚҚС-ты қоса алғанда 954 599 (тоғыз жүз елі төрт мың бес жүз тоқсан тоғыз) теңгеден кем емес және қосымша коммуналдық қызметтер (электроэнергия, жылу, ыстық/суық су шығыны). 01.01.2024 жылдан бастап Қазақстанда АЕК өзгеруіне байланысты жалдау ақысының құнына өзгерістер енгізілетін болады.
4. Мүліктік жалға беруге ұсынылатын объектіге конкурс өткізу шарттары және таңдау критерийлері
4.1. Комиссия ықтимал жалға алушылардың өтініштері бар конверттерді ашуды жүргізеді және орнатылған мерзімде және сәйкесінше ықтимал жалға алушылардың өтініштері журналында тіркелген өтініштерін оларды ұсыну мерзімі аяқталған күні салыстырады.
4.2. Конкурстың жеңімпазы Комиссиямен дауыс беру жолымен бағалау парағында 5 балдық шкала жүйесі бойынша хабарламада көрсетілген таңдау критерийлеріне сәйкес анықталады. Ең көп балл алған ықтимал жалға алушы жеңімпаз болып есептеледі. Хабарламада көрсетілген талаптарға сәйкес немесе одан асып түсетін Жалға берушіге ең тиімді жалға алу шарттары бар ықтимал жалға алушының өтініші шешім қабылдауға негіз болып табылады.
Таңдау критерийлері:
4.3. Балдар тең болған жағдайда конкурстың жеңімпазын Комиссия төрағасы немесе оны ауыстыратын тұлға анықтайды. Комиссия шешімімен келіспеген жағдайда Комиссияның кез келген мүшесінің ерекше ойға құқы бар, ол ойы жазбаша түрде ресімделіп, Комиссия отырысының хаттамасына қосылуы тиіс.
4.4. Конкурстың жеңімпазы Жалға берушімен Келісімшартқа отырудан бас тартқан жағдайда жалға беруші екінші орын алған ықтимал жалға алушымен Келісімшарт жасасуға құқылы.
4.5. Конкурсқа қатысу үшін өтініш бір ғана ықтимал жалға алушымен берілген немесе бірде-бір өтініш келіп түспеген жағдайда объектіні жалға беруге ұсыну туралы сұрақты қарастыру бойынша конкурс өткізілмеді деп танылады. Бұл жағдайда Комиссия хатшысы конкурс өткізілмеді деп тану туралы хаттама ресімдейді.
5. Конкурсқа қатысуға өтініштерді қабылдау мерзімі
Конкурсқа қатысуға өтініштер Конкурсты ұйымдастырушымен Петропавл қ., Пушкин к-сі 86, 165 кабинет мекен-жайы бойынша 2023 жылғы «28» тамыз жергілікті уақытпен «15» сағат «00» минутқа дейін қабылданады.
6. Үлгілік келісімшарт
Үлгілік келісімшарттың жобасы (хабарламаға №2 қосымша).
7. Техникалық ерекшеліктер және жалға берудің басқа шарттары
Техникалық ерекшеліктерде көрсетілген (хабарламаға №1 қосымша).
8. Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар тізімдемесі
8.1. Конкурсқа қатысуға өтініші бар жабылған конверттің бет жағында ықтимал жалға алушы:
8.2. Конкурсқа қатысуға өтініш ықтимал Жалға алушының хабарламамен орнатылған талаптар мен шарттарға сәйкес асхана үшін ғимаратты жалға беру конкурсына қатысуға келісім беру нысаны болып табылады.
8.3. Конкурсқа қатысуға өтініште болуы керек:
заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама, заңды тұлғаның барлық тіркелген әрекеттері туралы анықтама, Жарғы, техникалық ерекшеліктердің талаптарына немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы немесе басқа әрекетті жүзеге асыруға құқығын растайтын лицензия/рұқсатнама немесе басқа құжат;
жеке тұлғалар үшін – жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (болған жағдайда), жеке тұлғаны куәландыратын құжат, мекен-жай анықтамасы.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар тізімдемесін жүргізген жағдайда серіктестікке қатысушылар тізімдемесінен көшірменің нотариалды расталған көшірме ұсынылады.
8.4. Хабарламада көрсетілген өтініштерді ұсынудың соңғы мерзімінің аяқталуына дейін жабық конвертке салынған бірінші жетекшінің қолы қойылған және мөрмен расталған (бар болған жағдайда) конкурсқа қатысуға өтініш ықтимал Жалға алушымен жазбаша түрде ұсынылады.
9. Жалға берушінің жауапты тұлғасының қатынас деректері
Қосымша ақпарат пен анықтамаларды Петропавл қ. Пушкин к-сі 86, 165 кабинет мекен-жайы бойынша алуға болады, қатынас телефоны: 8 (7152) 397243.
10. Басқа ақпарат
Комиссия конкурс нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей конкурсты өткізу нәтижелері туралы ақпаратты «М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КеАҚ интернет-ресурсында орналастырады.
11. Конкурстық құжатнамаға қосымшалар: