"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Ғылымды үйренем деген адамның ақыл-ойы айқын, ерік-жігері, тілек-мақсаты ақиқат пен әділдік үшін талап жолында болуы шарт. Жай ләззат іздеу, кәсіп-құмарлыққа ұқсас әрекет онда болмасқа керек.

Әл-Фараби

Cтуденттеріміз Дельфий ойындарының жеңімпаздары

«Пилигрим» халықтық студенттік театры XIV Ұлттық Дельфий ойындарында «Театр өнері» аталымы бойынша 3 орынды жеңіп алды. Жарыс Астанада 13-17 қыркүйек аралығында өтті. Қозыбаев университетінің студенттері «Голоса в темноте» қойылымын ұсынды. Әртістер – біздің студенттер, ал спектакль қоюшы мен театр жетекшісі – магистранттар.

Облыстық іріктеуден өткен жас өнерпаздар СҚО атынан республикалық кезеңге қатысып үлгерді.А йта кетейік, Дельфий ойындары бұл- Олимпиаданың бір түрі, тек қатысушылар спорттық пәндер бойынша емес, шығармашылық бағытта жарысады.

Қазақстанның 17 облысынан барлығы 500-ге жуық сайыскер қатысты. Ойындар скрипка, фортепианода, халық аспаптарында ойнау, академиялық және халық әндері, би, фотосурет, сән үлгісі, театр, бейнелеу өнері,сәндік-қолданбалы өнер сынды 14 номинация бойынша өтті.

18.09.2023