"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Балаң ақылды әрі есті болсын десең, дені сау, мықты етіп өсір. Ол жұмыс істесін, әрекеттенсін, жүгірсін, айқайласын десең, тынымсыз қимыл үстінде болсын.

Ж-Ж.Руссо

Студенттер жаңа тіл үйренеді

Тіл және әдебиет институтының «Герман-роман филология» кафедрасында Стамбулдағы Мармара университетінің PhD докторы түрік тілі сабағын жүргізуді бастады. 2-3 курс білім алушыларында бір жыл бойы Түркиядан келген Нұргүл Йылдызбен тілді жетік меңгеру мүмкіндігі туды. Оқытушы «Екінші шет тілінің практикалық курсы» пәні аясында «Шет тілі: екі шет тілі» Бб бағдарламасы бойынша оқытады.

Бүгінде оқытушылық саласында тәжірибесі мол: Македония, Эстония, Болгария және басқа да елдерде түрік тілінен сабақ жүргізген. Сапар халықаралық аспектідегі ынтымақтастық, студенттерге сабақ өткізу мақсатын көздейді. Нұргүл Йылдыз Мармара университетінде магистратура мен докторантураны сәтті қорғаған, сонымен қатар, түрік тілі оқулықтарының авторы.

03.10.2023