Сөздәйектер галереясы
Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.
Қазақстанның белгілі саясаттанушысы Қозыбаев университетінің студенттеріне дәріс оқиды
Бірінші семестрде Аризона университетінде халықаралық және қос дипломдық бағдарламалар бойынша оқитын студенттер Жақсылық Сәбитовтың «Әлеуметтік-саяси білім модулі» пәні бойынша дәріс алады. Жақсылық Мұратұлы ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің Жошы Ұлысын зерттеу ғылыми институтын басқарады. Ортағасырлық зерттеуші орта ғасырлардағы қазақ халқының тарихы мен шежіресін зерттейді.
«Бұл жолы мен студенттерге сыртқы саясат және халықаралық қатынастар, әлеуметтанудың сандық және сапалық әдістері, мемлекет құру саясаты тақырыптары аясында дәріс оқимын. Осы салалардағы соңғы зерттеулермен таныстырамын»,- деді ғалым. Енді оқу жылының екінші жартыжылдығына Қазақстан тарихы бойынша лекциялар топтамасы жоспарланған.
