"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.

Ахмет Байтұрсынов

Халықаралық логопед күні

14 қарашада әлем маңызды әлеуметтік кәсіби мерекенің бірі – Халықаралық логопед күнін атап өтеді.

Мерекенің мақсаты – адамзатқа сөйлеу бұзылыстары туралы ғылымның бар екенін және арнайы оқу арқылы оларды жоюдың жолдары бар екендігін ақпараттандыру.

М. Қозыбаев атындағы «Арнайы және әлеуметтік педагогика» кафедрасының болашақ логопедтері кәсіби мерекені ұмытқан жоқ.

«Арнайы педагогика» ББ 2 курс студенттері 5 корпустың аудиториясын безендіріп, түрлі-түсті құттықтау газеттерін жасады.  «Арнайы және әлеуметтік педагоика» кафедрасының аға оқытушысы Момот Е.А. жетекшілігімен  3 курс студенттері логопедияның тарихы туралы презентация, қызықты ойындар мен сайыстар, дипломдар дайындады,

Студенттер бұл мерекеден өздеріне ләззат алып қана қоймай, басқаларға да хабарлауға тырысты. «Арнайы және әлеуметтік педагоика» кафедрасы барлық логопедтерді осы мерекемен құттықтайды және өмірде шаттық пен шабыттың сөздерін тілейді, дикцияның кемшіліктерін шебер түзетіп, күн сайын кез келген кемшіліктерден оңай құтылуыңызды тілейді!!!

 



 

Кафедра абжмдо
15.11.2023