Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

«Foundation» тыңдаушыларына қолдау!

«Foundation» факультетінің 2023-2024 оқу жылында мемлекеттік білім беру тапсырысымен және ақылы оқуға қабылданған ұлты қазақ шетел азаматтары-тыңдаушылары,  СҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының мамандарымен, СҚО әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшылығымен кездесті.

Шара барысында тыңдаушылар ҚР-да шетел азаматтарының жүріп-тұру заңдылықтарымен, визалық мәселелер туралы ақпаратпен танысып, сұрақтарына жауап ала алды. СҚО-ға келетін этникалық қазақ жастарына арналған мемлекеттік бағдарламалар түсіндірілді.  СҚО әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Багдат Муканова өз сөзінде университеттің қандас жастары Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігінің назарында екендігін жеткізіп, көшіп-қону заңнамаларына тоқталды.

20.11.2023