Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Гір көтеруден ҚР Чемпионатынан 2 медаль

Астанада ақпанның 13-17 аралығында «ұзақ цикл» бойынша өткен республикалық чемпионатта біздің студенттер СҚО намысын қорғады. Жастар арасында 63 келі салмақта өнер көрсеткен екі спортшымыз жоғары көрсеткішке қол жеткізді. Илья Ротов (ФКС-20-1 тобы) 1 орынды жеңіп алды! Ол Халықаралық спорт шебері нормативін орындап, Азия чемпионатына (Қытай) және Әлем чемпионатына (Грекия) қатысуға лицензия алды!

Қыздар арасында гір тасын 44 рет көтерген, Валентина Беседина (МИ-21 тобы) екінші орынға ие болды. Спортшыларды Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы  «Дене және әскери тәрбие теориясы мен әдістемесі» кафедрасының оқытушысы Андрей Ярославович Глывяк дайындады. Құттықтаймыз!

22.02.2024