"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Дұрыс сөздер көркем емес. Көркем сөздер сенімді емес. Жанашыр шешен емес. Шешеннің жанашыр болуы міндет емес. Білгір дәлелдемейді, дәлелдеуші білгір емес

Лао-Цзы

"Наурыз" мейрамына арналған "Тәуелсіздікпен қайта оралған дәстүрлер-ай" атты мерекелік іс-шара

"Практикалық қазақ тілі" кафедрасының ұйымдастыруымен 13 наурыз күні  "Наурыз" мейрамына  арналған "Тәуелсіздікпен қайта оралған дәстүрлер-ай" атты мерекелік іс-шара  өтті.
 Шараның басты мақсаты - мемлекеттік тілдің аясын кеңейтіп, жастарға ұлттық салт-дәстүрімізді насихаттап, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
         Іс-шараға университеттің барлық факультет студенттері қатыстырылды. Білім алушылар қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері бойынша мемлекеттік тілде сахналық қойылым қойды.  Қойылымдарда  наурызды қарсы алу,  сәбидің  туғаннан бастап үйлену тойына дейін  кезеңдер  көрсетілді. Іс-шара барысында  шашу шашылып,   бауырсақ таратылды . Шара студенттер үшін қызықты өтті, қатысушылар көрермендерге жақсы көңіл-күй сыйлады.

 

 

Кафедра пқт
13.03.2024