Сөздәйектер галереясы
Ғылымды үйренем деген адамның ақыл-ойы айқын, ерік-жігері, тілек-мақсаты ақиқат пен әділдік үшін талап жолында болуы шарт. Жай ләззат іздеу, кәсіп-құмарлыққа ұқсас әрекет онда болмасқа керек.
Әл-Фараби
Наурыз 2024
2024 жылдың 19 наурызында Тарих, экономика және құқық факультетінде Наурыз мейрамы өтті. Наурыз-көктемгі жаңару мерекесі, көктемгі күн мен түннің теңелу күнімен тұспа-тұс келетін жаңа жылдың басы, бұл махаббат, құнарлылық және достық салтанатының мерекесі. Факультет мамандықтарының білім алушылары домбыра, би, ән, өлең оқуда өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Мереке кезінде асық, тоғызқұмалақ ойындары, шашки, шахмат, арқан тарту сияқты спорттық жарыстар өткізілді.
"Ұлттық киімім күні" челенджінің қорытындысы шығарылды. Бірінші орынды И(о)-22-к тобының студенттері, екінші орынды – УиА-22 тобының студенті М.Сүлейменова иеленді.
Іс - шара барысында көрермендерге Наурыз мерекесінің дәстүрлі тағамы-бауырсақтар ұсынылды.
19.03.2024
