Сөздәйектер галереясы
Ғылымды үйренем деген адамның ақыл-ойы айқын, ерік-жігері, тілек-мақсаты ақиқат пен әділдік үшін талап жолында болуы шарт. Жай ләззат іздеу, кәсіп-құмарлыққа ұқсас әрекет онда болмасқа керек.
Психологиялық қызмет көрсету ұжымы алғыс білдіреді
Университеттің психологиялық қызметі студенттердің, ПОҚ пен қызметкерлердің психологиялық денсаулығын сақтау үшін оларға психологиялық қолдау көрсету бойынша белсенді жұмыс жүргізеді.
Бұл маңызды қызметке серіктес ұйымдардың өкілдері, психология және дефектология саласындағы мамандар, БАҚ, ЖОО қызметкерлері мен ПОҚ, сондай- ақ студенттер көмек көрсетеді. Барлығы да оқу орда ұжымының психологиялық және физикалық денсаулығын сақтау және қолдау бойынша жемісті ынтымақтастығы мен елеулі үлесі үшін Басқарма Төрағасы- Ректор м.а. алғыс хаттарымен марапатталды.
Олардың қатарында режиссер Елизавета Гуляева бастаған «Пилигрим» халықтық студенттік театрының әртістері бар. Жас актерлер өз қойылымдарында қазіргі жастарға қатысты өткір әлеуметтік, психологиялық тақырыптарды көтереді. Сондай-ақ, коммуникативтік дағдыларын арттыруға ниет білдірген, психология тақырыбына қызығушылық танытқан студенттерді біріктіретін, университеттің психологиялық клубының белсенді мүшелері алғыс хаттарға ие болды.
