"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Шынайы ғылымда атақ пен дәреже дәлелге жүре алмайды. Ал қателік пен надандық кейде қол ұстасып кетуі мүмкін.

Олжас Сүлейменов

ТЭҚФ-те Ашық есік күні

2024 жылдың 5 сәуірінде Тарих, экономика және құқық факультетінде Ашық есік күні өтті. Аталған іс-шараға Петропавл қаласы мен жақын маңдағы аудандар мектептерінің оқушылары қатысты. Кездесуге факультет ББ жұмыс берушілері қатысты: СҚО Прокуратурасының кадрлық даму тобының прокуроры, әділет кіші кеңесшісі Әсия Болатқызы Мусина; СҚО ПД ББ тәрбие кадр жұмысы бөлімінің бастығы, полиция майоры Жандос Біржанұлы Асылбаев.

Кафедралардың кәсіби бағдар берушілері факультетте оқытылатын білім беру бағдарламалары, оқу мерзімі, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері, факультеттің заманауи материалдық-техникалық базасы туралы айтып берді. Қонақтарға 2024-2025 оқу жылының білім беру бағдарламалары туралы толық ақпараты бар буклеттер таратылды. Кездесу оқушыларға болашақ мамандықты таңдауда пайдалы болды деп үміттенеміз.

09.04.2024