Сөздәйектер галереясы
Оқу-білімсіз өнер де жоқ, ақын болу үшін де, болмаса басқа түрлі өнерпаз болу үшін де, ең алдымен білім керек.
Ғабит Мүсірепов
Әдлет Мұрзаш «Қызылжар Барысы-2024» турнирінің күміс жүлдегері
А.Винокуров атындағы спорт сарайында қазақ күресінен облыстық «Қызылжар Барысы-2024» турнирі өтті. Оған 32 палуан қатысты, оның ішінде университетіміздің студенттері де бар.
Байқау қорытындысы бойынша 2 орын және 300 мың теңге жүлдесі ПФ 1 курс студенті Әдлет Мұрзашқа бұйырды! Додада жеткен жеңісінің арқасында спортшы СҚО құрамасына қосылмақ. Енді күресші, республикалық чемпионатта облыс намысын қорғайды. Сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз!
06.05.2024
