ЖОО-да дене шынықтыру кафедрасының профессоры, еңбек сіңірген жаттықтырушы Виктор Бондаренконы салтанатты марапаттау рәсімі өтті. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің "спорттың Құрметті қайраткері" төсбелгісін оған Қозыбаев университетінің Директорлар Кеңесінің Төрағасы Ғалым Байтук табыс етті. Ол Виктор Антоновичтің салаға және жас мамандарды даярлау ісіне қосқан зор үлесін атап өтті.
Біздің оқу ордамызда Виктор Бондаренко 44 жыл жұмыс істеді. Оның 163 ғылыми еңбектері, 19 оқу-әдістемелік құралдары, оқулықтары, кітаптары жарық көрді. Оқу-жаттығу процесіне ғылыми негізделген көзқарас оған жоғары білікті спортшыларды дайындауға мүмкіндік берді, олардың арасында халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, әлем рекордсмендері А.Григорьев, В. Лукин, Олимпиада ойындарының қатысушылары В. Шақшақбаев, В. Клепинин бар. Виктор Антонович облыстық мәслихаттың депутаты болды.
Бүгін ол ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінде СҚО атынан өкілдік етеді, коньки тебу спорты Федерациясы президиумының және Петропавл қаласының қоғамдық кеңесінің мүшесі болып табылады. Бас төреші ретінде облыстық, республикалық, халықаралық жарыстарға белсенді қатысады.
Сондай-ақ, осы күні ҚР Ұлттық Ғылым академиясының құрметті профессоры атағын беру туралы құжат "Физика" кафедрасының профессоры, физика-математика ғылымдарының кандидаты, астрономия доценті Андрей Солодовникке табысталды. Құрметті ұстаздарымызды құттықтаймыз!