Мамыр айының ортасында Қозыбаев университетінде Тәуелсіз Қазақстандық акредиттеу орталығының сыртқы сараптамалық тобы жұмыс істеді. Ол білім беру бағдарламаларының сапасын, оқу материалдары мен ресурстарының қолжетімділігін, студенттерді бағалау әдістерін, оқу орындарының техникалық тұрғыдан жабдықталуын зерттеді. Сарапшылар білім беру процесінің сапасын бағалау үшін оқытушылармен және студенттермен бірқатар кездесулер өткізді.
Нәтижесінде Аккредиттеу кеңесі 5 жылға 14 білім беру бағдарламасын аккредиттеу туралы шешім қабылдады:
1. 6B05203 География және табиғатты пайдалану
2. 7M05201 География
3. 6B05202 Экология
4. 7M05202 Экология
5. 6B01101 Педагогика және психология
6. 7M01101 Педагогика және психология
7. 6B01801 Әлеуметтік педагогика және өзін өзі тану
8. 6B07502 Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)
9. 6B07302 Құрылыс объектілерін жобалау және ақпараттық модельдеу
10. 6B07106 Робототехника, интеллектуалды жүйелер және аспап жасау
11. 6B05302 Астрономия және қашықтықтан зерттеу әдістері
12. 6B05305 Химиялық сараптама және өндірісті аналитикалық бақылау
13. 6B03202 PR-Журналистика
14. 7M03201 Журналистика
Аккредиттеу білім беру бағдарламасының белгіленген сапа стандарттарына сәйкестігін ресми бағалау ретінде қызмет етеді. Білім алушылар алған білімін жұмыс берушілер мен басқа да оқу орындары мойындайтынына сенімді бола алады.