"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Таланттылар - раушан гүлі сияқты жан-жағына жұпар шашып, көңіл ашады.

Шерхан Мұртаза

Вебинар 5

«BR18574162 Арнайы педагогтарды инклюзивті -бағдарлы даярлау» ғылыми жобасы аясында инклюзивті білім берудегі арнайы мұғалімнің кәсіби стандартын әзірлеу тәжірибесі туралы.

«BR18574162 Арнайы педагогтарды инклюзивті-бағдарлы даярлау» ғылыми бағдарламасын іске асыру жөніндегі жұмыс жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында арнайы оқытушыларды инклюзивті-бағдарлы даярлаудың сапасын арттыру, озық педагогикалық ойлар мен тәжірибелерді тарату мақсатында , Абай атындағы ҚазҰПУ базасында Қазақстанның 8 жоғары оқу орнының зерттеушілер тобы бірқатар вебинарлар өткізуді жоспарлап отыр.

14 маусым онлайн ZOOM арқылы сағат 13.00. «Мамандық картасы: инклюзивті білім берудегі арнайы педагог» (PhD, М.Қозыбаев атындағы СҚУ доценті Б.А.Дюсенбаева) Инклюзивті білім берудегі арнайы педагог тақырыбында вебинар өткізу жоспарлануда, онда автор кәсіби стандартты әзірлеудегі тәжірибесімен бөліседі. Вебинарларға қатысуға университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы, мектепке дейінгі және мектептік білім беру ұйымдарының басшылары мен қызметкерлері, арнайы педагогтар, психологтар және барлық мүдделі тұлғалар шақырылады.

Кафедра абжмдо
11.06.2024