Щучинск қаласында өткен гір спорты бойынша Қазақстан чемпионатында СҚО құрамасы бірінші орынға ие болып, Әлем Чемпионатына жолдама алды. СҚО командасының құрамына Қозыбаев университетінің 3 студенті кірді.Олар лайықты өнер көрсетіп, жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
Үшінші курс студенті Валентина Беседина (МЖҒФ) "серпе" және "жұлқа көтеруден", соның ішінде кәсіпқойлар арасында бірден екі күміс медаль жеңіп алды!
Ал Руслан Айдаков (гр. ФКС-20-1, ПФ) "серпе" көтеру бойынша 68 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орын алды. Сондай-ақ, команда құрамында ПФ студенті Илья Ротов өнер көрсетті.
Облыстық команданы ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, "Дене шынықтыру және әскери тәрбие теориясы мен әдістемесі" кафедрасының аға оқытушысы Андрей Ярославович Глывяк жаттықтырады. 20 жылдан астам жұмысында ол 40 спорт шеберін, 10 халықаралық дәрежедегі спот шеберін, 1 еңбек сіңірген спорт шеберін дайындады.
Біз спортшыларымызды және жаттықтырушылар құрамын құттықтаймыз! Алда жаңа жеңістер тілейміз!