Сөздәйектер галереясы
Тәрбиелеуде мұғалімнің өзінің не біліп, не істейтіні маңызды-ақ. Бірақ оның ықпалымен шәкірттерінің не біліп, не істейтіні онан да маңыздырақ. Мұғалімдер, міне, осынысымен бағаланады.
Цицерон
Сенбі күні жазғы тілдік мектептегі сабақ қала тұрғындарымен өтті
Сенбі күні жазғы тілдік мектептегі сабақ қала тұрғындарымен өтті. Оған өткен жылғы жазғы тілдік мектепке қатысқан тыңдаушылар келді. Сабақ "Ат қою рәсімдерін білесіз бе?" деген тақырыпта өтті. Тыңдаушылар қазақтың "Азан шақырып ат қоюдың өзіндік сыры" жайында қызықты ақпарат алды. Тақырып бойынша ой толғап, өзара пікір алысты. Алынған ақпарат негізінде сахналық көрініс қойды.

Кафедра пқт
18.06.2024
