Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
Жатақханаға орналасуға өтінім беру
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Қозыбаев университетінің археологтары СҚО-да бірегей көне құрылымдарды тапты

Солтүстік Қазақстан облысы Долматово ауылы маңындағы ЖОО археологиялық экспедициясының 20-шы далалық маусымы аяқталуда. 1968 жылы археолог Анатолий Плешаков ашқан Ақ Ирий қалашығындағы далалық лагерьде 50-ге жуық студент ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысады.

Қазба жұмыстары 36 жылдан кейін жүргізіле бастады. Жыл сайын біздің экспедиция, ерте темір дәуіріне жататын ежелгі адамдардың бірегей қоныстары туралы жаңа тарихи деректер ашады. Бұл ел аумағындағы сақ кезеңінің Солтүстік қалашығы, өзіндік бекініс ретінде қызмет атқарды. Ол биік үшбұрышты мүйістің үстінде орналасқан, екі жағынан өзеннің жартастарымен қоршалған және бекіністермен бөлінген, осылайша алынбайтын бекіністі бейнелейді.Бастапқыда ғалымдар қазба жұмыстарын қалашықтың өзінде жүргізді. Тұрмыстық заттар, жануарлардың сүйектері, т.б. табылды. Қазір археологтар одан алыс орналасқан құрылымдарды зерттеп жатыр.

«Бірінші құрылымда оның көлемі мен күмбезді қабырғалары өте анық көрінеді. Кірпіштерге қарағанда бұл Орта ғасыр. Құрылымның түбіне жету үшін 3 жыл қатарынан қазып жатырмыз. Қазірдің өзінде, металл өндірісін айқындайтын қож және нысанның қабырғаларында пайда болған смальтадан ұзақ жандыру процесінің болғанын байқаймыз. Сондай-ақ, жақын жерден табылған сиыр мен жылқының қалдықтары –етті ыстау процесін қолданғанын көрсетеді. Нысанды: металл балқыту және ет ыстау мақсатында пайдаланған сияқты. Өз басым Еуразиялық кеңістіктегі мұндай құрылымдарды білмеймін. Бұл ескерткіштің жаңа түрі. Алда талай жұмыс жүргізетін  боламыз», - деп бөлісті Қозыбаев университетінің профессоры Анатолий Плешаков. 

Ғылыми зерттеулер Ә. Марғұлан атындағы Археология институты СҚФ және Солтүстік Қазақстан облыстық өлкетану мұражайымен бірлесіп жүргізілуде.Студенттердің  далалық лагерьдегі тәжірибелері 3 аптаға созылады. Бұл олардың ежелгі артефактілермен жұмыс істеудің ерекше тәжірибесі. Мұнда білім алушылардың зерттеу дағдылары қалыптасады. Болашақ тарихшылардан басқа, практиканы астрофизиктер де өтеді. Олар жұлдызды аспанды зерттейді, бақылау және деректерді жинау процесін жүргізуді үйренеді.

20.06.2024