Сөздәйектер галереясы
Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.
Маусым айында "Практикалық қазақ тілі" кафедрасы жазғы тілдік мектебін ұйымдастырған болатын
Маусым айында "Практикалық қазақ тілі" кафедрасы жазғы тілдік мектебін ұйымдастырған болатын. Биыл мектеп өз жұмысын мини-курстар форматында жүргізді. Бір апта- бес сабақ! Әр аптаның өз тақырыбы белгіленді: 1 апта- қазақ тілі ұлттық ойындар арқылы; 2 апта- қазақ тілі ұлттық салт- дәстүрлер арқылы; 3 апта- қазақ тілі мақал- мәтелдер, фразеологизмдер арқылы; 4 апта- қазақ тілі жағдаяттар арқылы. Жазғы мектеп тыңдаушылары: университет оқытушылары, қызметкерлері, студенттері мен басқа да ұйымдардың қызметкерлері.
Мектеп жұмысы болашақта ұзақ мерзімді курстар форматында жалғасын табады!Барлық қатысушыларға үлкен алғыс білдіреміз!!!

