Сөздәйектер галереясы
Нақты ғылымдардың ұдайы жасарып-жаңғырып тұруының құпиясы - олардың қашанда ой жаңартуға әзір тұратындығында жатса керек.
Олжас Сүлейменов
Әріптестердің қайырымдылық қаржылай көмегі
Су тасқынынан зардап шеккен Қозыбаев университетінің қызметкерлері мен ПОҚ серіктес ЖОО-лардан қайырымдылық көмек көрсетілді: Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінен (Қарағанды қ.), Қарағанды индустриялық университеті (Теміртау қ.) және Азаматтық авиация академиясы (Алматы қ.). Олар 9 миллион теңгеден астам сомада ақшалай көмек жіберді. Комиссия шешімімен қаражат барлық зардап шеккендерге бөлінді. Әріптестер бізді қиын кезеңде қолдап, көңіл бөліп, көмек көрсетті. ЖОО ұжымдарына зор алғысымызды білдіреміз!
01.07.2024
