"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.

Ахмет Байтұрсынов

1 қыркүйектен бастап Қазақстанда шәкіртақы көтеріледі!

Мемлекет басшысының тапсырмасымен стипендиялар арттыру бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, Үкімет Қаулысымен 2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап студенттер төлемдердің кезекті өсуін күтуде!

Бакалавриатта олар 20%-ға өседі. Осылайша, педагогикалық және медициналық бағыттардағы білім алушыларда стипендиясы 75 600 теңгені, басқа мамандықтарда- 47 135 теңгені құрайды. Магистранттар мен докторанттарға стипендия тиісінше 15% ға: 107 061 теңгеге және 240 000 теңгеге ұлғайтылады. Интерндерге 85 376 теңге төленеді.  Ал 2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап студенттердің шәкіртақылары тағы 20%– ға, магистранттар мен докторанттардың стипендиялары 15%- ға өседі.

01.07.2024