Сөздәйектер галереясы
Балаң ақылды әрі есті болсын десең, дені сау, мықты етіп өсір. Ол жұмыс істесін, әрекеттенсін, жүгірсін, айқайласын десең, тынымсыз қимыл үстінде болсын.
Қосымша мамандықтарды игереміз
Инженерлік және сандық технологиялар факультетінің студенттері негізгі мамандықты оқытумен қатар, қосымша мамандықты алуға мүмкіндіктері бар. Сонымен, аймақтағы колледждерде практикадан өту кезінде екінші курс студенттері электромонтажшы, телекоммуникациялық желілер мен жүйелер бойынша электромонтер, бағдарламалық басқарылатын станоктардың операторы, автомобильдерді жөндеу бойынша слесарь және электрик, 3-разрядты токарь біліктілігін алады. Оқу 5 аптаға созылады.
Аяқтағаннан кейін білім алушыларға кәсіптік даярлық туралы куәліктер беріледі, олармен жұмысқа орналасуға болады. Мұның бәрі болашақ инженерлерге мамандықты жақсы білуге мүмкіндік береді. Биыл барлығы 147 адам қосымша мамандықтарға ие болды.
