"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Білім - бұл сұраққа жауап емес. Білім барлық сұрақтарға жауап табуға үйретеді

Билл Эллен

Өзбекстанда, Бурабайда, Қарағандыда студенттердің тәжірибелері

«География және экология» кафедрасының студенттері Қазақстан мен Өзбекстанның қалаларында жазғы оқу-көшпелі тәжірибеден өтті. Білім алушылар үшін бұл аймақтардың табиғи ландшафттарымен, экономикасымен, мәдени-тарихи мұрасымен танысуға, далалық зерттеулер жүргізуді үйренуге тамаша мүмкіндік. Тәжірибе барысында студенттер ауа-райын бақылап, өнеркәсіптік аймақтарда ауаны іріктеп, ондағы оттегі мен зиянды заттардың концентрациясын анықтады; су объектілеріндегі судың физикалық қасиеттерін зерттеді; топырақ, өсімдіктер үлгілерін жинады; картографиялық материалдармен жұмыс жасады.

Сонымен қатар, болашақ географтар мен экологтар топтарға бөлініп, әрқайсысы әртүрлі өңірлерге: Бурабай және Щучинск қалаларына, Қарағанды облысына, СҚО Қызылжар ауданы Красноярка ауылына, және Өзбекстанға барды. 

Көрші мемлекетте студенттер Ташкентте, Самарқандта, Бұхарада болды. Батыс Тянь-Шаньның биік белдеулері мен жоталарын көріп, Ұлы Жібек жолы өткен елдің бай тарихы мен мәдениетімен танысты.  Ландшафттардың, топырақтың, табиғи аймақтардағы климаттың өзгеруін байқады (мысалы, Бұхара қаласында +50 градус болды).   

Өзбекстанда жас зерттеушілерді біздің серіктес университет Мирзо Ұлықбек атындағы Ұлттық университет қарсы алды. Оның басшылығымен кездесуде ынтымақтастықтың алдағы жоспарлары талқыланды: бағдарламалар ашу, студенттер мен ПОҚ академиялық ұтқырлығы, сондай-ақ бірлескен ғылыми зерттеулер мен жобаларға қатысу. Жалпы, оқу-көшпелі тәжірибелер біздің студенттерге зерттелетін аумақтармен тереңірек танысуға және өздерінің практикалық дағдыларын бекітуге мүмкіндік берді.

16.07.2024