"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Ғылымды үйренгенде ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек... Дүниенің ғалымын білмей қалмақтық – бір үлкен зарарлы надандық.

Абай Құнанбаев

Әскери билет қолыңда!

Кез-келген сарбаздың өміріндегі ең салтанатты және жауапты сәт-ант беру. «ҚР тәуелсіздігін батыл және жанқиярлықпен қорғауға» қалай ант беретіндерін көру үшін сарбаздардың туыстары мен достары жиналды. Қозыбаев университетінің 54 студенті әскери ант берді. Жыл бойы әскери пәндерді, ҚР Қарулы Күштерінің жарғыларын оқып, саптық дайындықпен айналысты. Оқу-жаттығу жиындары өтіп, қорытынды емтихан тапсырды. Бүгінгі таңда олар, кіші сержанттар қатарында. 

«Біздің әскери кафедрада оқуымыз қызықты өтті. Енді біз де Отан қорғаушылар қатарындамыз. Біз әрдайым елімізге адал боламыз деп ант бердік. Табысқа жету жолындағы кез келген кедергілерді еңсеруді тілеймін»,- деп құттықтады Ибрай Өмірзақов.

Салтанатты жағдайда әскери ант бергенннен кейін жас сержанттар әскери кафедраның шеруімен өтті.

16.08.2024