"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Ғылымды үйренгенде ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек... Дүниенің ғалымын білмей қалмақтық – бір үлкен зарарлы надандық.

Абай Құнанбаев

Freedom bank гранттары

Тарих, экономика және құқық факультетінің талапкерлері Freedom bank гранттарының иегерлері атанды. Білім алушыларды филиал директоры Әділет Бекішев құттықтады. Оның айтуынша, биыл олар, бұл жобаны алғаш рет іске қосып, Қазақстан түлектеріне 475 грант бөлді. Петропавлда 24 өтінім берілді. Тек 15 студент қана грантқа ие болды. Байқау жеңімпаздарының бірі Виктория Бурьяновская. Ол Жамбыл ауданының Благовещенка жалпы орта білім беретін мектебінің түлегі. «Өзім заңгер мамандығына оқуға түстім. Менің ойымша бұл перспективалы мамандықтардың бірі. Байқау туралы біліп, бірден өтініш бердім. Грант иегері болғаныма өте қуаныштымын», - деді Виктория.

26.08.2024