"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

...адам баласы ұшқыр ой, көп ақыл, өткір сезім қайратының арқасында ғылым, білім, өнер тауып, өзгеден үстем дүние жүзінің қожасы болып отыр.

Жүсіпбек Аймауытов

Оқу корпусының жабылғаны туралы хабарлаймыз

№ 3 оқу корпусы университеттегі ең көне ғимараттардың бірі. Ол 1958 жылы салынған. Онда Тіл және әдебиет институтының 700-ден астам студенті білім алды. Осы оқу жылында университет басшылығы корпусты жабу туралы шешім қабылдады.

«Осыдан 2 жыл бұрын ғимараттың жай-күйіне сараптама жүргізілді. Есеп бойынша жекелеген құрылымдарға жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. Осыны ескере отырып, біз студенттер мен ПОҚ қауіпсіздігі мақсатында шешім қабылдап, барлығын оқу корпустарға бөлдік. Қосымша сараптама жүргізу керек», - деп атап өтті Басқарма Төрағасы-Ректор Ербол Исақаев.

 

04.09.2024