"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Нағыз білім, дененің шынайы мәдениеті сияқты, үйлесімділік пен оған деген ұмтылыс, бұл қол жеткізілген мақсатты сезіну және сонымен бірге алға жылжу ниеті

Герман Гессе

Аризона университеті делегациясының Қозыбаев университетіне сапары

Солтүстік Қазақстан облысына Аризона университетінің (АҚШ) вице-президенті Дженни Ли бастаған делегациясы келді. Біздің стратегиялық серіктестеріміздің мұндай сапары дәстүрге айналды. Олар ҚР ҒЖБМ қолдауымен үшінші жыл табысты жүзеге асырылып жатқан қос дипломдық және халықаралық бағдарламалармен оқитын студенттер үшін жаңа оқу жылының ашылу салтанатына қатысады. Бұл жолы облыс және ЖОО басшылығымен , Қозыбаев университетінің оқытушылары және студенттермен бірқатар кездесулер өтеді. Қазір жоғары оқу орындарын дамыту аясында өңір сұранысына байланысты ғылыми зерттеулердің жаңа деңгейіне көшу жүзеге асып отыр. Біздің университет су ресурстарын басқару және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы стратегиялық міндеттерді шешуге бағытталған ғылыми жобалармен тығыз жұмыс істеуде. Сонымен қатар, бірлескен білім беру бағдарламаларын одан әрі дамыту жұмыстары жандануда. Өткен жылы білім берудегі инклюзия бойынша жаңа бағыттар ашылды. Бүгінгі таңда 5 қос дипломдық бағдарлама бар. Алдағы уақытта олардың саны 10-ға дейін артады.

10.09.2024