"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.

Ахмет Байтұрсынов

70 тыңдаушы Foundation факультетіне түсті

14 қыркүйекте тілдік даярлық курсына үміткерлер арасында «OES» прокторинг-жүйесі арқылы Foundation факультеті қабылдау емтиханын өткізді. Емтихан  ұлты қазақ шетел азаматтары мен ҚР азаматтарын дайындық бөліміне қабылдау үшін ұйымдастырылды. Жалпы 70-тен аса өтініш түсті. 
Алыс-жақын шетелдегі қандастар Zoom және WeChat платформалары арқылы тапсырды. Ал Иран және Қытайдан келген 3 үміткер офлайн форматта қатысты. Тыңдаушылар қатарын Басқарма Төрағасы– Ректор Ербол Исақаев құттықтап, естелік сыйлықтар табыстады. Айтып өткен жөн, биылғы оқу жылында Foundation факультетіне барлығы 70 грант бөлінді. 50-і Қытай, Иран, Өзбекстан, Моңғолия шетел азаматтарына және 20-сы Қазақстан Республикасының азаматтарына.


26.09.2024