Сөздәйектер галереясы
...адам баласы ұшқыр ой, көп ақыл, өткір сезім қайратының арқасында ғылым, білім, өнер тауып, өзгеден үстем дүние жүзінің қожасы болып отыр.
«Таза бейсенбі» акциясына 100-ден астам студент қатысты
«Таза бейсенбі» акциясын «AMANAT» партиясы апта сайын елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы шеңберінде өткізеді.Бұл жолы Қозыбаев университетінің білім алушылары мен педагогтары қатысты. Олар Бостандық көшесіндегі аллея аумағын, студенттік жатақханалар мен №3 оқу корпус маңын тазартты.
Аталмыш акция Петропавлда және СҚО-ның барлық аудандарында осы жылдың маусым айынан бастап әр бейсенбі күні өтеді. Белсенділер, адамдар көп жиналатын және демалатын жерлерде қоқыс жинап, жағалау мен ескерткіштер аумақтарын тазалайды. Акция барысында оның қатысушылары 120 тоннаға жуық қоқыс жинады.