Сөздәйектер галереясы
Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.
Ахмет Байтұрсынов
"ЖОО-ның үздік оқытушысы" атағына конкурсқа қатысатын ПОҚ қатарынан кандидатуралар бойынша Сараптамалық комиссияның қорытындысы туралы
Сараптама комиссиясының қорытындысына сәйкес "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" конкурсына қатысуға 7 өтінім тіркелді. "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағын беру қағидаларына сәйкес әрбір үміткер бойынша сапалық және сандық көрсеткіштерге сәйкес қорытындылар берілді.
13.11.2024
