Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
Жатақханаға орналасуға өтінім беру
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Қозыбаев оқулары – 2024

Солтүстік Қазақстан университеті 2003 жылдан бастап академик Манаш Қабашұлы Қозыбаевтың есімімен аталады.Жыл сайын әр елден ғалымдар келіп, қазақтың ұлы тарихшысы Манаш Қозыбаевты еске алып, өз зерттеулерінің нәтижелерін ұсынады. Ал Қозыбаев оқуларын өткізу игі дәстүрге айналған. Биыл ЖОО-да Манаш Қозыбаевтың 93 жылдығына арналған «ҚОЗЫБАЕВ ОҚУЛАРЫ 2024: Қазақстан және уақыттың заманауи сын-қатерлері» атты халықаралық конференция өтті.

Биыл конференцияға Қазақстан, Түркия, Польша, Ресей, Қырғызстаннан келген әріптестер, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының, ҚР Орталық мемлекеттік мұрағаты, Ресей Ғылым академиясының Сібір бөлімшесінің археология және этнография институтының өкілдері қатысып, 230-тен астам баяндама келіп түсті. 

Ғалымның әріптестері, шәкірттері құрмет көрсетіп, алдымен Манаш Қозыбаевтың мүсініне гүл шоқтарын қойды.

Шараның құрметті қонақтары: СҚО әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұлов, сондай-ақ, құрметті экс-ректорларымыз Оңдасын Әшімов пен Серік Өмірбаев және академиктің туыстары.

«Бүгін университетке келгеніме өте қуаныштымын. Бізді ЖОО-ның республикада ғана емес, бүкіл әлемде танылуы қуантады. Менің баяндамам тарихи тұлғаларға арналады. Жалпы бұл жанр елімізде дамыған алайда біраз ақтаңдақтар бар. Сол мәселелерге тоқталатын боламын. Осы 20 жыл ішінде мен бірнеше рет университетке келдім. Жылдан жылға Қозыбаев университеті көркейіп, базасы нығая түсті»,- деп бөлісті ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ілияс Манашұлы.

Ғалымның ізденістері мен оның азаматтық ұстанымы жаңа мемлекеттіліктің қалыптасуында елеулі рөл атқарды.

«Манаш Қозыбаев Тәуелсіз Қазақстанның идеологиясының қалыптасуына орасан зор үлес қосты. Бүгінгі конференция – көрнекті академиктің рухына тағзым етіп, оның жұмысын жалғастыру, тың ізденістермен, жаңалықтармен байыту мүмкіндігі. Бұл біздің үлкен парызымыз», - деді Басқарма Төрағасы – Ректор Ербол Исақаев.

Пленарлық отырыста Қазақстан тарихы, М. Қозыбаев мұрасы, Абылайтануға қатысты мәселелер бойынша баяндамалар тыңдалды. Сонымен қатар, конференцияда Мемлекет және қоғам қайраткерлері, еліміздің ірі жоғары оқу орындарының ректорлары, ғылыми және мәдени орталықтардың басшылары сөз сөйледі. ҚР ҒЖБМ Саясат Нұрбек пен СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың атынан құттықтау лебіздері жолданды.

Университеттің қалыптасуына елеулі үлес қосқан ғалымдар мен қоғам қайраткерлерін марапаттау рәсімі өтті. М. Қозыбаев ат. «Құрметті профессоры» атағы Ахмет Байтұрсынұлы ат. ҚӨУ профессоры, т.ғ.д. Аманжол Күзембайұлына және Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ профессоры, т.ғ.д. Тлеген Садықовқа берілді. «Академик Манаш Қозыбаев медалін» Кастамону университетінің (Түркия) профессоры, т.ғ.д. Орхан Сойлемез пен т.ғ.д Оңдасын Әшімов алды.

Конференция қарсаңында университеттің 50-ден астам студенті М.Қозыбаевтың шығармашылық мұрасына арналған эссе байқауына қатысты. Іс-шарада жеңімпаздар мен жүлдегерлерге салтанатты түрде дипломдар мен ақшалай сыйлықтарды табыстады. Салтанат Қоспанова үздік атанып,150 мың теңге алды.

Қонақтар жаңа оқу зертханалық корпус пен, 1200 орындық жаңа заманауи Студенттер үйімен танысты. Конференция жұмысы 8 ғылыми бағыт бойынша секциялық отырыстарда жалғасты.

14.11.2024