Қытайға сапар барысында Қозыбаев университеті мен Xi'an Hytech Agrochemicals Co компаниясы арасындағы ынтымақтастық туралы маңызды құжатқа қол қойылды. Оның аясында ПОҚ-ның, магистранттардың ғылыми тағылымдамаларынан және ЖОО студенттерінің кәсіби тәжірибелерінен өту үшін заманауи база ашылды.
Басқарма Төрағасы– Ректор Ербол Исақаев өндіріс орындары мен Xi'an Hytech Agrochemicals Co зертханасын аралап, компанияның озық технологияларымен танысты. Ол өсімдіктерді қорғаудың инновациялық құралдарын, соның ішінде олардың иммунитетін арттыру үшін тиімді бактериялық препараттарды әзірлеуге маманданған. 70-тен астам ұлттық патенттер мен 40 салалық марапаттарға ие.Бұл келісім Қозыбаев университетінің Агротехнология факультетінің студенттері мен оқытушылары үшін тағылымдамадан өтуге, бірлескен зерттеулерге қатысуға және өсімдіктерді биоқорғау саласындағы жетекші мамандармен тәжірибе алмасуға бірегей мүмкіндіктер ашады. Серіктестік өңірдің аграрлық секторын дамытуға және жоғары білікті мамандар даярлауға елеулі үлес қосады