"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Балаң ақылды әрі есті болсын десең, дені сау, мықты етіп өсір. Ол жұмыс істесін, әрекеттенсін, жүгірсін, айқайласын десең, тынымсыз қимыл үстінде болсын.

Ж-Ж.Руссо

Қытайға сапар: стратегиялық серіктестіктің жаңа кезеңі

Әкім Гауез Нұрмұхамбетов бастаған Солтүстік Қазақстан облысының делегациясы Қытайға ресми сапары аясында Шэньси провинциясында болды. Сиань қаласында өңірлер арасындағы әріптестікті нығайтуға бағытталған негізгі кездесулер өтті. Облыстық делегация құрамында Қозыбаев университетінің Басқарма Төрағасы– Ректоры Ербол Исақаев пен Агротехнологиялық факультетінің деканы Алтын Шаяхметова бар.

Сапардың аясында Қозыбаев университетінің ғылыми және білім беру жобаларының дамуына әсер ететін бірқатар келісімдерге қол қойылды. Бұл уағдаластықтар бірлескен зерттеулерді іске асыруға, студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығына, озық технологияларды енгізуге және Солтүстік Қазақстанның аграрлық секторына инвестициялар тартуға бағытталған.

22.11.2024