Академиялық адалдық лигасы-Академиялық адалдық қағидаттарын ілгерілету арқылы Қазақстанда білім беру сапасын арттыру мақсатында елдің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі оқу ұйымдарының бірлестігі болып табылады. Оның құрамына 18 ЖОО, оның ішінде Қозыбаев университеті кіреді. Студенттер арасында 18 қазан атап өтілетін Халықаралық академиялық адалдық күніне арналған медиа байқау өтті.
Іс-шара жастар арасында академиялық адалдық қағидаттарын насихаттауға және оның қазіргі білім берудегі рөлін арттыруға бағытталған. Ұйымдастырушылар конкурстық жұмыстардың әртүрлі форматын ұсынды: аудио подкаст, бейнеролик, мақала, инфографика. Қазылар алқасы байқау тақырыбына сәйкес идеяның өзіндік ерекшелігін, орындалу сапасын, ақпаратты жеткізудің тиімділігін, әлеуметтік маңыздылығын бағалады. Байқауға біздің университеттен 13 жұмыс (жеке және топтық) жіберілді, оның 6-ы сертификаттар алды. Құттықтаймыз!